jasqazaq.kz

Тамара Асар: “Жаман қатын ашуын ыдыс-аяқтан алады”

08 сәуiр 2024, 13:00

Әнші Тамара Асар су тасқынынан зардап шегіп жатқан халыққа қолдау білдірді. Өнер иесі жағымсыз пікір қалдыратын оқырмандарына ренішін жазды.

«Ағын су жолын табады Ақ адам оңын табады… Лайымда жолымен оңы табылсын ағынсудың ашуы басылып, арнасына қайтуын тілеймін. СУ ҚАСИЕТТЕН кеше гөр пендеңді”-деп кешірім сұраймын. Табиғатпен таласқа түсер ой жоқ, дейтұртұрғанмен пендешілікпен кеткен қателіктер жоқ емес шығар. “Жаман қатын ашуын ыдыс-аяқтан алады” -демекші телефон ұстап, әлі келгендер әртістерді сөз етіп, тіл тигізетіндерді де көріп отырмын. Бағана түсте дәл осы видеоны салған едім, постымды комменттерді оқып отырып білмей өшіріп алыппын. Аузына келгенін біраз адам құса салыпты. Ол постты, яғни осы видеоны Сіздердің құсығыңызды иіскеп, жеу үшін салған жоқпын. Елге сөз қолдауым болсын деп салдым.
1)Шаңғы теуіп ерігіп жүрсің дегендерге! Шаңғы тебетін күнге жетейін! Әумин! Ерігіп жүрген жоқпын. Екі аяғымды дұрыс тең басып үйрену үшін екі таяққа сүйеніп күнделікті жаттығуымды жасап жүрмін.
2)Демалыста емеспін үйімде жүрмін. Дәл су тасып жатқан жолға көпірге қарасты орманда иманымды үйіріп,тілегімді тілеп, жетінанымды пісіріп,Каспимен ел үшін қаражат жинағандарға ақша салып отырмын. 3)Шегіртке дегендеріңе оң болсын. Шегірткенің миындай ми жоқ екен сізде! 4) Жоғарыдағыларға жақынсыңдар ғой әншілер дегендерге: Жоғарыға да,төменге де бірдейміз. Біз де халықтың бөлшегіміз! Ел басына күн туса,бірдей күн кешеміз!!!
5)Өнер адамдары елдегі жағдайларға атсалысып, арнайы ерікті түрде чаттар,орталықтар ашып,қаржылай қолдау көрсетіп жатыр. Ауызбіршігімізден айналайын Әріптестерім,үлкен рахмет Аманшылық болсын, бірлік болсын! Ораза қабыл болсын!», деп жазды.
«Мән бермеңіз, халық ашулы ызалы жоғарыға», «Керемет сөйлейсің. Өзің не көмек бердің, айта кетпедің бе. Сендер тек халықтан алуды ғана білесіңдер», «Шықты бәрі тақылдап», деп халық түрлі пікір жазды.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды