jasqazaq.kz

Талибандықтар Ауғанстанда есірткі өндірісін қолға алды

09 тамыз 2017, 11:51

Ауғаныстанның билігінде болған жылдары көкнәр өндірісіне тыйым салған Талибандықтар енді есірткі өндірісін өз қолдарына алғалы отыр.

Бұрындары көкнәр өсірілген иеліктері бар шаруа қожалықтарынан салық алып отырған Талибандықтардың енді өз зауыттарын салып, халықаралық есірткі саудасына бел шеше кірісіп отырғаны батыс елдері арасында алаңдаушылық туғызды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды. БҰҰ-ның дерегіне сүйенсек, 2016 жылы Ауғаныстан құны 3 млрд АҚШ доллары болатын 4,8 мың тонна апиын өндіріп, әлемдік сұраныстың 80 пайызын қамтамасыз еткен. АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Уильям Браунфильд жуырда Ауғаныстан астанасы Кабулда журналистерге берген сұхбатында: «Талибандықтар бүкіл көкнәр алқаптарын өз қарамағына алғанына сенімдімін. Оңай өсетін көкнәр Ауғаныстанның ауыл шаруашылығының едәуір бөлігін құрайды. Талибандықтар енді сол шөпті ел ішінде өңдеп, сататын болады. Өңделген тауар әлдеқайда қымбат бағаланады», — деді. Өз атын жасырын ұстауды жөн көрген батыс сарапшысы жергілікті фермерлер көкнәр терімі үшін әр килограммына 163 доллардан алса, аймақтық нарықта героинге айналған есірткі 2300-3500 доллар аралығында сатылады. Еуропа шекарасына жеткенге дейін 1 кг тауардың бағасы4500 долларға жетеді. 2016 жылы Ауғаныстан полициясы 66 мың тонна героинді морфинге айналдыруға қажетті химиялық затты тәркілесе, биылғы жылдың алғашқы 6 айының өзінде қолға түскен химиялық қоспалардың көлемі — 50 мың тонна. Бұл Талибандардың есірткі өндіру және өңдеу ісін жолға қойып жатқанын көрсетеді. Ауғаныстанның Ішкі істер министрлігі қаңтар-маусым айлары аралығында 46 астыртын жұмыс істейтін есірткі фабрикаларын жапқан. Есірткіге қарсы күрес бөлімінің өкілі Саид Мехди Каземидің пікірінше, Талибандықтар есірткі өндірісінен көп қаржы тауып, қару-жарақ жинап, өзінің әскери қуатын күшейтпек. Ауғаныстаннан шалғай орналасқан Канадаға жеткізілетін нашаның 90 пайызы ауғандықтардың қолынан шыққан өнім екенін ескерсек, есірткі бизнесінің жанданып, қолға алынуы бүкіл өңірге ғана емес, жалпы әлемге төнген салмақты қауіп екені анық.

qazaqtimes.com

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда