jasqazaq.kz

Талдықорғандағы жанармай бекетінде бірнеше адам төбелесіп қалды (видео)

24 тамыз 2017, 16:35

Талдықорғандағы жанармай бекеттерінің бірінде болған төбелестің салдарынан үш ер адам ауруханаға жеткізілді.

Осыған байланысты полиция төбелеске қатысқан адамдарды іздестіріп жатыр.

Бұл оқиға 16 тамызда таңғы уақытта Талдықорғандағы жанармай бекеттерінің бірінде болған. Барлығы видеобақылау камерасына түсірілген. Видеода шамамен 10 ер адам көрінеді. ІІД өкілдері бұл іске бес адамның бар екенін айтады — зардап шеккен үш ер адам мен екі күдікті. Зардап шеккендердің екеуі сол жанармай бекетінде жұмыс істейді, ал үшіншісі — бірінің бауыры.

Ал видеодағы қалған адамдар осы бекеттің жұмысшысы мен келушілер. Олар төбелеске қатыспаған. Зардап шеккендердің туысы Азиз Әлиев Tengrinews.kz тілшісіне екі бауырының ауруханаға ауыр жағдайда түскенін айтты. «Біреуінің есінде ештеңе жоқ, оның басынан құбырмен жарған. Дәрігерлердің айтуынша, сол соққы миына қатты тиген. Сондай-ақ, оның қолы сынған. Екінші бауырым да ауыр жағдайда. Ұрып-соғылған, аяқ-қолында жарақаттар көп. Оның айтуынша, бекеттің жұмысшысы мен сонда ақ түсті джиппен келген белгісіз ер адамдардың арасында төбелес басталған», — дейді Азиз Әлиев Cондай-ақ, Азиздың айтуынша, полицияға арызды зардап шеккендердің анасы жазды.

ІІД төбелес болған күні қылмыстық іс қозғалғанын растады. «Бұл дерек Талдықорғанның ІІБ ресми тіркелді. Сол дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша («Бұзақылық») тергеу басталды. Зардап шеккендердің екеуі ауруханада болуына байланысты бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») өзгертілуі мүмкін», — деді Алматы облыстық ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет. ІІД баспасөз қызметіндегілер күдіктілердің анықталғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта полиция өкілдері оларды іздестіріп, ұстауға қатысты шараларды қолданып жатыр.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда