Алматы облысында 31 жастағы шетелдік азаматша өзінің жаңа туған баласын сатып жібермек болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адамды 24 тамызда Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған. Осы анықталған дерек бойынша полицейлер ҚР Қымлыстық кодексінің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша қылмыстық өндіріс қозғалған. «Күдік әйет жаңа туған сәбиін 400 мың теңгеге сатып жатқан сәтінде ұсталды. Оның Қазақстанға биыл көктемде нәпақа іздеп келгені және мамыр айында босанғаны анықталды. Ұсталған әйел қамауға алынды. Қыз Сәбилер үйінің мамандарының қарауында», — деп хабарлады ІІД өкілдері.