Талапты сақтау – басты міндет. Әсіресе, мемлекеттік мекемелерде. Сот Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданына қарасты білім ошағын 10 күнге жауып тастады. Себеп- өрт қауіпсіздігіне қатысты ереже орындалмаған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, jasqazaq.kz хабарлады.
Мектепке ескерту сонау мамыр айында жасалған екен. Соған қарамастан кемшілік түзетілмепті. Сот осыған орай мектепке 1 АЕК (226 900) теңге көлемінде айыппұл салып, білім ұясының қызметін 10 күнге тоқтатты.