jasqazaq.kz

Тағы бір оқушы орамалмен мектепке кіре алмағаны үшін директордың үстінен арыз жазды

20 қыркүйек 2017, 11:08

Ақтөбе қаласындағы №20 мектепке орамалды оқушының ата-анасы полиция шақырды. 11 сынып оқушысы Арунаның сабаққа кіре алмай жүргеніне бес күн болған.

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

«Қызым 1-сыныптан бастап осы мектепте оқиды. Қазір орамал мәселесіне қатысты қиындықтар көріп жатырмыз. Қызым бес күннен бері сабағына кіре алмай жүр. Барлық бағдарламаларынан қалып қойды. Бүгіннен бастап қорғаушы жалдадық. Директордың үстінен сотқа жүгінетін боламыз. Бүгін мектепке полиция шақырдық. Жасөспірімдер инспекторы арызымызды қабылдаудан бас тартып, бөлімшеге барып жазуымды сұрады. Айтуынша, ол тек мектептегі төбелеске ғана келеді екен. Енді мен баламның құқын шектегені үшін директордың үстінен сотқа шағым түсіретін боламыз», — дейді Құмарбек Набиянов.

Құмарбек Набиянов орамал таққан қызының құқын қорғау үшін қорғаушы да жалдап алған. Осылайша ол істі ақырына дейін жеткізуге бел буыпты.

Ақтөбедегі №20 мектепке орамал тағып келетін жалғыз оқушы бар. Мектепке келген жасөспірімдер ісі бойынша полиция инспекторының айтуынша, орамал мәселесіне қатысты полиция бөлімшесіне 5-6 арыз түскен.

Бұған дейін осыған ұқсас дау Ақтөбедегі № 49 мектепте туындаған еді. Сонымен қатар, Жаңаөзенде мектеп директорының хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбей қойғаны туралы ақпарат та жарияланған.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда