jasqazaq.kz

Түркия елшісі қазақстандықтарды Астана күнімен қазақ тілінде құттықтады (видео)

05 шiлде 2017, 12:43

Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык қазақстандықтарды Астана күнімен және ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізуімен құттықтады.

Сондай-ақ, елші бүкіл түркі халықтарының ақсақалы атанған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты да 77 жасқа толуымен құттықтап өтті.

Биыл Астана үшін ерекше жыл екенін айтқан Н.Уянык ЭКСПО-2017 көрмесінің маңыздылығын, ондағы Түркия павильонының ең ірі павильондардың бірі екенін де атап өтті.

«ЭКСПО көрмесінде Түркия павильоны ең үлкен және ең әдемі павильондардың бірі. ЭКСПО ғимараттарының құрылысына қазақ бауырларымызбен бірге Түркия құрылысшыларының да сіңірген еңбегі орасан зор. Сонымен қатар, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толды. Астананың көркейіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы абырой-беделінің арта беруін тілеймін!», — деді Түркия елшісі.

caravan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда