jasqazaq.kz

Түркия аумағына енуге тыйым салынған отандастарымызға қатысты СІМ өкілі түсінік берді

18 шiлде 2017, 15:00

Қазақстандық 2 мыңға жуық азаматқа Түркияға кіруге тыйым салынды деген БАҚ-та тараған ақпаратқа байланысты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов пікір білдірді, деп хабарлайды jazqazaq.kz тiлшiсi.

«Түркиядағы Қазақстан Елшілігіндегі әріптестеріміз БАҚ-та жарық көрген ақпараттың аздап бұрмаланғанын хабарлады. Сондықтан сіздерге осы жайтты түсіндіріп берейін. Біздің мәліметке сәйкес, Түркияның Ішкі істер министрлігі «Түркия ДАИШ-пен күресте» деп аталатын кітап шығарған. Бұл кітапта түрік билігі лаңкестік ұйымдармен қалай күрес жүргізетіндігі жөнінде жазылған. Әріптестерімнің айтуы бойынша, осы кітаптың соңында 2011 мен 2017 жылдың аралығында аталған лаңкестік ұйымға қатысы бар деген айыппен немесе күдікпен ұсталған түрлі елдердің азаматтарының саны келтірілген. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Сауд Арабиясы және басқа да елдердің азаматтары бар. Бұл кітап болған соң бізде ол адамдардың тізімі жоқ. Жалпы бұл мәселе – құқық қорғау органдарына қатысты сұрақ », — деді Әнуар Жайнақов.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда