Түркістанда алаяқ әйел студенттерді жатақханаға орналастырамын деп алдап, жарты миллионға жуық теңгелерін алып кеткен. Қазірдің өзінде 30 жастағы келіншектің 8 студентті тақырға отырғызғаны анықталып отыр.
Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Прокурордың сөзінше, күдікті жастардың сеніміне кіріп, алаяқтықпен пайда тауып отырған. «Жаңа оқу жылы басталуына байланысты 8 студентке жатаxанадан орын алып беремін деп «М» есімді 30-дан асқан әйел кісі әрқайсынан 55 мың теңге шамасында ақшасын сенімдеріне кіріп, алып алған. Әйелдің жеке басы анықталды. Кінәсін мойындағандықтан және асырауында жас сәби болуына байланысты оған бұлтартпау шарасы қолxатта қалдырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталған жағдайда, оның бұлтартпау шарасы қайта қаралатын болады», — дейді Түркістан қаласының прокуроры. Руслан Әбдірайымов сондай-ақ киелі шаһар тұрғындарын күндізгі сағат 10.00 мен 15.00 аралығында қоғамдық көлікте жүргенде абай болуға шақырады. Азаматтарға ұялы телефондарына ұқыпты болу керектігін ескертеді. Себебі ұрланған ұялы телефондардың 68,5% дәл осы уақытта орын алатыны анықталған.