Әлеуметтік желіде түрік аспазының Ерке Есмаханға тосын сый жасаған видеосы пайда болды.
Аспаз жігіт әнші отырған үстелге беті жабулы табақ тартқан. Кейін табақтың бетін әншінің өзіне ашқызады. Бірақ табақтың ішіне тамақ емес, үш тал гүл салынған екен. Мұны көрген Ерке таңданысын жасыра алмады. Бұл видеоның қашан және нақты қайда түсірілгені көрсетілмеген.