jasqazaq.kz

Төмен байытылған уран банкі тамыз айында ашылады

15 мамыр 2017, 18:09

Бүгін Мәжiлiсте «Уран өнеркәсiбiнiң дамуына» арналған үкiмет сағатында ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев баяндама жасап, соңынан журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы jasqazaq.kz хабарлады.

Министр «Әлемдік нарықтағы уранның бағасы қырық пайызға төмендеді. Сондықтан қаңтар айында үкімет тиісті шешім қабылдады. Биыл Қазақстанның уран өндіретін компаниялары өздерінің өндіретін көлемін 10 пайызға азайтады. Ол шешім қаңтар айында қабылданған болатын. Бірінші кварталда бұл шешімнің нәтижесінде баға 20 пайызға өсті. Сондықтан осы жұмыс дұрыс бағытта деп ойлаймын. Бұл жұмысты екінші жартыжылдықта да жалғастыратын боламыз», -деді.
Уран өндірудің 10 пайызға төмендеуіне байланысты бюджетке түсетін салық азаймай ма?- деген журналист сұрағына министр: «Әрине, әсері болады. Сәл болса да азаяды. Бірақ бағасы жоғары болса, бюджетке түсетін салық та өседі. Бұл жерде баланс болады», -деді. Сондай-ақ өндіріс көлемінің төмендеуі себепті мамандар қысқарып, зауыт жабылмайтындығын ескертті.
Ал МАГАТЭ мен Қазақстан арасындағы бірлескен әлемдегі алғашқы Төмен байытылған уран банкі (ТБУБ) жайында министр «Төмен байытылған уран банкінің құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. 70 пайыздан астам құрылысы дайын. Шілде айында 100 пайыз дайын болады. Тамыз айында МАГАТЭ басшылығымен бірігіп ол банкті ашатын боламыз», -деді.
Сонымен қатар уран саласының мамандарын елімізде даярлау жөнінде: «Уран саласында мамандар жеткілікті. Бірақ перспективаға дайын болуымыз керек. Жаңа зауыттар, бұрын Қазақстанда болмаған зауыттар салып жатырмыз. Бұрын Қазақстанда болмаған тиісті мамандар керек болып жатыр. Сол мәселе талқыланды бүгін. Білім министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Биыл тиісті шешімдер қабылданатын болады», — деді Қанат Бозымбаев.

Айбарша Жақсылық

Астана қаласы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда