jasqazaq.kz

Төлешовтің көліктері саудаға арзандатылған бағамен шығарылмақ

17 тамыз 2017, 19:20

Тоқтар Төлешовтің тәркіленген көліктері 5 қыркүйекте электрондық саудаға шығарылатын болды.

Әрбір көліктің бағасы енді екі есеге дейін төмендетіледі. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы Раушан Арымбаева мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін жалпы құны 73 496 000 теңгені құрайтын бес көлікті ешкім сатып алуға ниет білдірмеген болатын. Сондықтан сатылымға қойылған Rolls-Royce, Bentley, Mitsubishi GT, GMC және Chevrolet Suburban маркалы автокөліктері енді 50 пайыз төмен бағамен саудаға қойылатын деп жоспарланып отыр.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мамандарынан құралған арнайы комиссия осындай шешім қабылдаған. Әрі электрондық сауда бағасын төмендету әдісі бойынша өткізілмекші. Еске салайық, gosreestr.kz сайтына сатуға қойылған Төлешовтің 5 көлігі бар. Мәселен, 1992 жылғы Mitsubishi GT көлігінің бастапқы бағасы 1 млн 083 мың теңге болса, аукционға қатысу үшін бастапқы кепіл жарнасы — 162 450 теңгені құраған. Ал Bentley көлігінің бастапқы бағасы 13 703 000 теңге, саудаға қатысқысы келетін адам алдымен 2 055 450 теңге төлеуі тиіс еді. Rolls-Royce көлігінің бағасы 40 150 000 теңгеден басталды. Бастапқы кепіл жарнасы 6 022 500 теңгені құраған. Жол талғамайтын GMC көлігінің алғашқы бағасы 6 527 000 теңге болса, электрондық саудаға қатысу үшін — 979 050 теңге төлеу қажет болатын.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда