jasqazaq.kz

Түймебаев түк жұмыс бітірмейтін басшыларға орындарын босатуды бұйырды (видео)

09 маусым 2017, 16:00

Шымкентте Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы облыс әкімінің ашуын келтірді. Себебі басқарма жер қойнауын заңсыз пайдаланатындарды біле тұра ешқандай шара қолданбай отыр.

Рұқсатсыз өзен арнасын қазып, заңсыз сауда жасайтындарды білетін Мұхит Отаршиев аталған заңсыздықтарды отырғандардың барлығы білетінін айтты.

«Бұл заңсыздықты барлығы біледі. Бірақ, не себепті қол қусырып отырғандары түсініксіз» ,-деді.

Баядамашының бұл жауабы облыс әкімі көңілінен шықпады. Шара қолдану былай тұрсын, Мұхит Отаршиев мырза рұқсаты жоқ карьерлерді саусақпен санап, бұған тосқауыл бола алмаған жергілікті полиция қызметі мен экология департаментін кінәлады.
«Осында барлығы отыр. Кім біледі айтшы?»,- деген Жансейіт Түймебаев тиісті мекеме басшыларын бір-бірлеп тұрғызып, есеп астына алды.

Қылмыстық істі бір-біріне сілтеп, мардымды жауап бере алмаған басшылар облыс әкімін ашуландыра түсті.

«Сіздердің барлығыңызды босатуымыз керек. Сосын нақты жұмыс істейтін басқа адам келуі керек», — деді облыс әкімі.

NUR.KZ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда