Кинотеатрда екі қыздың сүйісіп отырғанын видеоға түсіріп алған ер адам сот алдына келетін болды. Оқиға қатысушылары ер адамның үстінен арыз жазған.
Қыздар ер адамнан өздеріне келтірілген моральдық шығынды сұраған.
Сот 2018 жылдың 28 ақпанында азаматтық өндірісті бастады.
Естеріңізге салайық, екі қыздың сүйісіп отырғаны бейнеленген видео қоғамда резонанс туғызды. Видео авторының айтуынша, видео Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығында 30 қаңтар күні түсірілген.