jasqazaq.kz

«Сыған серенадасын» айтатын корей әншісі елімізге келе жатыр (Видео)

08 қантар 2024, 19:46

Шәмші Қалдаяқовтың әнін домбырамен орындаған корей әншісі елімізге келеді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13-қаңтарда Астанадағы ЭКСПО Конгресс-Орталығында, ал 21-қаңтарда Алматыдағы Республика сарайында Оңтүстік Кореяның әйгілі әншісі, өз шығармашылығында екі мәдениетті біріктіріп жүрген Song WonSub жеке концерті өтеді.
Song WonSub өз елінде ғана емес, Оңтүстік Кореядан тыс жерде, соның ішінде біздің елімізде де аса танымал.
Шығармашылық жолын Батырхан Шүкеновтың «Жаңбыр» деген әнін корей тілінде cover мәнерінде орындаудан бастаған еді. Бұл қадамы тыңдарман қауым мен әлеуметтік желідегі жазылушылардың арасында резонанс тудырып, оның Қазақстанда жұмыс істеуіне түрткі болды. YouTube-блогер ретінде ол Димаш Құдайберген және Ninety One тобы сынды қазақстандық орындаушылардың өнеріне тәнті болған тыңдарман қауымның жылы лебізін таспаға түсіріп, осылайша бара-бара еліміздің музыка мәдениетіне бір қадам жақындай түсті.
Song WonSub қазақ тілін меңгеріп, домбырада ойнауды да үйреніп жүр. Сондықтан болар, қазақстандық тыңдарман қауым оның бұл ниетін құптап, құрметін танытып келеді.
Дүниежүзілік хитке айналған әндерді қазақ тілінде, ал қазақ әншілерінің шығармаларын корей тілінде орындайтын әртістің концертінде қазақстандық көрермен назарына өзі дайындаған cover туындыларын Батырхан Шүкеновтің «Жаңбыр», Мирас Жүгінүсовтың «Зымыран», Қазыбек Құраиштың «Таптым-ау сені», Шәмші Қалдяқовтың «Сыған серенадасын» және «Ва банк» корей дорамасына арналған саундтректі қазақ тілінде ұсынады.
Оңтүстік Корея әншісінің жеке концерті – қазақ тілін әлемдік деңгейде дәріптеудің жарқын мысалы бола алады. Бұл шетелдік орындаушылар мен көрермен қауымға еліміздің сан қырлы мәдениеті мен байлығын танытудың даңғыл жолына айналмақ. Осындай әртістер халықаралық байланысты күшейте түсіп, қазақ тілінің жаһандық мәдениеттің ажырамас бөлшегіне айналуына, сөйтіп, әлемдік мәдениеттің алуан түрлі екенін ұғынып, зерттеу көкжиегін кеңейтуге септесе алады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?