Светлана Жақыпова: Біздің адамдар зейнетке 3 жыл қалғанда қимылдай бастайды

31 қантар, 15:58

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жинағына ақша аудармай жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың зейнетақысы қалай тағайындалатынын түсіндірді.

Министр электронды еңбек биржасы порталын таныстыру үшін БАҚ өкілдерімен «галстуксыз» кездесу өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлады kaz.inform.kz. Жиында 1998 жылдан кейін еңбекке араласқан, бірақ зейнетақы жинағына бір де бір теңге аудармаған адамдардың келешегі туралы сұрақ қойылды.

«Базалық зейнетақы бәріне кепілдендірілген. Яғни, бәріне төленеді. Егер ол азаматтардың бірыңғай зейнетақы қорына аударған жарналары, аударымдары болмаса, мемлекет оларға да базалық зейнетақы төлеуден бас тартпайды. Базалық түрде көмегін береді.
Біз ондай азаматтардың сараптамасын жүргіземіз. Сол сараптамаға қарасақ, біздің халық зейнетке шығатын 3 жыл қалғанда қимылдай бастайды. Мысалы, ер азаматтар 63-те зейнетке шығады. Сондықтан 60-қа келгенде бәрі зейнетақы жарнасын ең жоғары көлемде төлей бастайды. Неге? Біздің заңда, кодексте жазылған. Зейнетақының мөлшері кейінгі 3 жыл немесе 36 ай бойы аударылған жарналардың орташа кірісінен есептеледі. Сондықтан қазір қазақстандықтар зейнет жасына үш жыл қалғанда аударымдарды белсенді жолдауға үйреніп алған. Соған қарағанда, біз өзімізді өзіміз алдап отырмыз. 1988 жылдан бері жарнасын тұрақты аударып келе жатқан азаматтар артылған сомаға баспанасын алып, денсаулығын түзеп жатыр. Менің айтарым, жұмысқа тұрған кезде еңбек шартын жасау керек. Нақты түрде аударымдарды уақтылы аударылғанын қадағалау керек», — дейді министр.
Ведомство басшысы қолданыстағы зейнетақы мөлшерін тағайындау тәсілі уақыт келе өзгертілетінін еске салды.

«Мен айтып отырмын ғой. Тағайындау тәсілін өзгертіп, 1998 жылдан бастап немесе кейінгі 25 жылдағы аударым көлеміне байланысты тағайындалады деп жазамыз. Бірақ өзіңіз түсінесіз, халық ондай өзгерістерге дайын болу керек. Қазір зейнетке шығып жатқан азаматтардың зейнетақы мөлшері қолданыстағы норма бойынша есептеледі. Ал негізінен сексенінші жылдары туған азаматтарға жаңа тәсіл енгіземіз. Олардың зейнетке шығуына дейін әлі уақыт бар ғой. Сондықтан олар қазірден бастап жарналарды тұрақты аударып отыруы керек. Яғни, оларға кейінгі үш жылдағы аударымдардың өлшемі емес, кейінгі 25 жылдағы аударымдары есепке алынады», — деді Светлана Жақыпова.

JQ-Aqparat

Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды