Жастар командасының матчында төрешіні ұрған 18 жастағы канадалық хоккейші Коул Тревор Крейнді 30 күнге қамау туралы үкім шығарылды. Бұл туралы Toronto Sun хабарлады. Оқиға 26 наурыз күні болған.
Жастар командасының матчында Крейннің кесірінен қып-қызыл төбелес болды. Ал спортшыларды ажыратпаққа әрекеттенген төреші оңбай таяқ жеді. Сот отырысы кезінде өз кінәсін мойындаған хоккейші 30 күнге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ төрешіден жазбаша кешірім сұрауға міндеттелді. Бұдан бөлек, Крейн бір жарым жыл бойы бақылауға алынады.