Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі

29 қыркүйек, 22:52

Суды үнемдеп, ұқыппен пайдалану, сондай-ақ осы саладағы тиімділігі жоғары технологияларды қолдану бүгінгі күннің өзекті міндеті болып тұр. Мемлекет басшысы жыл басында  Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге айрықша тоқталды. Елімізде суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру қажеттігін айрықша атап өтті. Ал су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл мәселеде фермерлерді ылғал үнемдеуге ынталандыру қажет деп есептейді. Ол суару арналарында шығынның болуына ескере отырып, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша бірлескен әрі кешенді жұмыстарын жүргізу қажет екенін тілге тиек етті.
Президент аталған жиында жазы ыстық, жеміс пен көкөністі көп өсіретін Түркістан өңірінде құрғақшылық қаупі жоғары екенін, сондықтан қуаңшылыққа төзімді дақылдарды көбейту қажеттігін айтқан болатын. Осыны ескерген облыс басшылығы егіс алқаптарында тіршілік нәрін тиімді пайдалануға баса мән беріп отыр. Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің jasqazaq. kz сайтына берген мәліметіне сүйенсек, өңірде Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдама аясында бірқатар ауқымды жұмысты атқарылды. Атап айтқанда, биыл 22 мың гектар егістік алқабын суды үнемдейтін технологиялармен қамтамасыз ету көзделген. Жоспарға сәйкес, 16 мың гектар алқапта қазіргі заманғы жабдықтар орналастырылды. Соның ішінде 10 мың гектарға жуық егістікте тамшылатып бүрку тәсілі қолданылса, 6 мың гектар алқапты жаңбырлатып суғару технологиясы енгізілді.
Ауыл шаруашылығы алқаптарында ылғалды ысырапсыз әрі үнемді пайдалану мәселесіне арналған жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы бағыттағы жұмысты жүйелеу қажеттігіне тоқталды. Бұл ретте егіс алқаптарын біркелкі етудің маңызы зор. Айталық, ауа райы қолайлы әрі топырағы құнарлы аумақта түгел мақта егіп, ал өзге өңірде өнімді көп беретін басқа дақылды өсіруге маманданғаны жөн. Сол кезде суды үнемдеу технологиясы өз жемісін беріп, егістікте мол өнім жиналады, диқанның да табысы артады. Ылғалды үнемдеу, әсіресе, мақта алқаптары көп Жетісай, Мақтарал және Шардара аудандары үшін аса маңызды мәселе. Сонымен қатар, көкөніс немесе дақылдың белгілі бір түрін өсіруге машықтанған өңірлерде кластер жүйесіне көшу, яғни өнімді терең өңдеуге мүмкіндік беретін кәсіпорындар ашу қажет. Бұл өз кезегінде дақыл өсіру, оны өңдеу, агроөнеркәсіп өнімін экспорттай отырып, сол аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайды. Басқосуда, сондай-ақ ыстыққа төзімді, суды аз пайдаланатын, түсімі мол дақыл түрлері мен сапалы сұрыптарды ұсыну мәселесі де сөз болды.
Ауыл шаруашылығы, оның ішінде, көкөніс пен жеміс өсіру облыс экономикасының елеулі бөлігін құрайды. Сондықтан климаттың өзгеруі белең алып, құрғақшылық жиі байқалатын қазіргі кезеңде диқандардың су үнемдейтін технологияға көшуі — көкейкесті міндет.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне жүгінсек, өңірде су үнемдеу технологияларын қосымша 8391 гектарды құрайтын алқапта пайдалану қолға алынған.  Жалпы биылғы жылдың соңына дейін 23 982 гектар егістікте ылғалды ұқыпппен қолданатын құрал-жабдық жұмыс істеуі тиіс. Атап өткен жөн, ағымдағы жылы өңірде осындай су үнемдейтін жабдықтар шығаратын 3 жаңа зауыт ашылып, жұмыс істей бастады. Солардың бірі — «TURAN SU» МКК жыл сайын 9 мың гектар алқапты тамшылатып суғару жүйесімен қамтамасыз етеді. Ал «BNK Group LTD» жауапкершілі шектеулі серіктестігі ұсынған жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігі мол. Кәсіпорын 14 мың гектар алқапты тамшылатып суғару арқылы ылғалмен қамтамасыз етеді. Жобалық құны 12,5 млрд теңгені құрайтын осы үш жобаның қуаты 73 мың гектар алқапты қамтиды. Бұған қоса, 85 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Суды үнемдеу арқылы еңбек өнімідлігін арттыратын мұндай кәсіпорындар алдағы жылы Отырар және Мақтарал аудандарында да ашылады деп жоспарланып отыр.
Талап Тілеген

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?