jasqazaq.kz

Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары жаңа пәтердің кілтін алды

18 сәуiр 2024, 19:16

Бүгін Арқалық қаласында тасқын судан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Пәтерлер республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынды. Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарының тасқыннан жапа шеккен 27 тұрғыны билік өкілдеріне ауылдан қалаға көшуге ниет білдіргендері туралы өтініш жасаған.
Үш көпбалалы отбасы үш және төрт бөлмелі пәтерлерге ие болды.
Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, плазмалық теледидарлар мен кілемді сыйға тартты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқынынан келген шығынды өтеуге байланысты мәселелерді шешу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін алып жатқан жаңа пәтерлеріңізде амандық, тыныштық пен береке орын алып, қиындықтар артта қалсын , — деді аймақ басшысы жаңа тұрғын үй иелерін құттықтап. – Бәріміз бірге үлкен қиындықты бастан өткеріп, жеңіп шықтық. Қазір жағдай тұрақталып, залалды бағалау жөніндегі комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен тұрғындардың өтемақы мен жаңа баспана алады. Алғашқылардың бірі болып, міне, өздеріңіз алып жатырсыздар. Дұрыс шешім қабылдап, қауіпсіз әрі жайлы жерге көшкендеріңізге қуаныштымын».

Төрт бөлмелі пәтерге қоныстанған көп балалы отбасының бірі – Түбековтер. Отағасы Бағдат су тасқыны кезінде басынан өткен жайт туралы былай дейді:

«Жаңа пәтер салуға қаражатымыз жоқ. Ата-анамызбен бірге тұрамыз, үш бала тәрбиелеп отырмыз. Отбасымыз үлкен – 7 адам. Әйелдер мен балаларды бірден қалаға жібердім. Бойымызды үрей биледі. Жағдайымыз не болады, ары қарай қалай өмір сүреміз деген сұрақтар бойымызға қоқыныш ұялатты. Малымыз да суға батып кетті. Осындай қиын-қыстау кезде қол ұшын созған ел Президентіне үлкен рахмет! Бізді жалғыз қалдырмады, тез арада шаралар қабылданды. Балаларды №5 орта мектепке орналастырып, барлық кеңсе тауарларын алып берді, түскі аспен қамтамасыз етті. Бірден 100 мың теңге өтемақы және 180 мың теңге біржолғы көмек берілді. Ал бүгін отбасымыз жөнделген және жиһазы бар төрт бөлмелі үлкен пәтерге көшті! Шексіз қуаныштымыз!».


Горбачев көшесі, 57-үйдің иелері қазір өздерін Арқалық тұрғындарымыз деп атайды, олардың да баспанасы су астында қалған. Кенжетай Есмағанбетовтің отбасында жеті адам бар.
«Қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндері біз барлық мемлекеттік органдардың көмегі мен қамқорлығын сезіндік. Екі бала бірден Алматыдағы сауықтыру лагеріне жіберілді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа зардап шеккендерге қатысты тез шешім қабылданғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Ең бастысы, билік бізге пәтер таңдау құқығын берді, өзіміз қалаған пәтерді таптық және бұл үш бөлмелі пәтер қатты ұнады».
«Бүгінгі таңда жалпы сомасы 370 млн теңгеге 27 пәтерді сатып алуға келісім-шарт жасалды, төлем тіркеу рәсімдері аяқталған соң, жүзеге асырылады және пәтерлерді зардап шеккендердің меншігіне өтеусіз негізде беру жүргізіледі», — деді Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов.


Мемлекет қолдауының арқасында 151 адамнан тұратын 27 отбасы, оның ішінде 55 бала баспаналы болғаны атап өтілді.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды