Мысырда демалып жатқан Ерке Есмахан су астынан сәлем жолдап, тыңдармандарын сүйсінтті.
Әнші теңіз деңгейінен 12 метр тереңдікке түскенін айтып мақтанды.
“Қорқынышымды жеңіп, су астына, 12 метр тереңдікке түстім! Судың астында бір концерт беріп жүргендей мәзбін, әйтеуір! Айтпақшы, қысымым бар екенін осы су астында, басымды қысқанда білдім!” – деп жазды Ерке.
Желі оқырмандары Еркенің жазбасына сан алуан пікірлерін білдірді. Кейбіреулер Еркенің батыл екенін айтса, екіншілер оны “мақтаншақ” деп сынады. Енді біреулер Ерке ұқсап шетелге баруды армандайтынын айтып жатты.