jasqazaq.kz

Студенттер «Sarbaz.kz» порталымен танысты

22 қараша 2023, 17:36


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының бір топ студенттері Қазақстанның және басқа да елдердің әскери тақырыптары мен қорғаныс мәселелерімен қамтитын «Sarbaz.kz» интернет-порталының редакциясында болды. Бұл сапар «Әскери журналистика» мамандығы бойынша оқитын студенттердің оқу тәжірибесі аясында ұйымдастырылды.


ЖШС «Әскери ГИС Медиа» директоры Тимур Кубеков студенттерге арнап экскурсия жүргізді. Оларды редакцияның тыныс-тіршілігімен таныстырып, сайт пен әлеуметтік желілерде материалдарды дайындау және жариялау үдерісінің қалай жүретінін көрсетті. Редакция қызметкерлері әскери журналистиканың ерекшеліктеріне тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті.
Содан кейін Тимур Кубеков «Әскери баспасөздің даму перспективалары» тақырыбында дәріс оқыды. Әскери ақпарат саласындағы қазіргі жағдай мен оның болашақтағы даму үрдістері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Ол сондай-ақ студенттердің кәсіби дағдыларға, этикаға, қауіпсіздікке және әскери журналистерінің мансаптық мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.


Тимур Кубеков әскери журналистика жоғары кәсібилікті, отансүйгіштік пен қиын жағдайда жұмыс істеуге ынта-жігерді талап ететін маңызды әрі жауапты қызмет саласы екенін атап өтті. Ол сондай-ақ газеттер ешқашан өздерінің өзектілігін жоғалтпайтынын айтты, өйткені олар Қарулы Күштер жайлы, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен ардагерлердің өмірі мен тұрмысы туралы шынайы және объективті ақпарат көзі болып табылады деді.
Студенттер Тимур Кубековке қызықты және танымдық дәрісі үшін, сондай-ақ сұрақтар қойып, құнды кеңестер алу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Студенттер мұндай кездесулер олардың болашақ мамандығын жақсы түсінуге көмектесетінін және оларды әрі қарай оқуға және жетілдіруге ынталандыратынын атап өтті.

Дидар Серіков,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?