Студенттер қазақ елінің әскери тарихымен танысты

21 шiлде, 14:56

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері далалық оқу жиынының бағдарламасы аясында ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейіне барып, қазақ елінің әскери өнерінің тарихымен тереңірек танысты.

Бұл іс-шараның түпкі мақсаты – болашақ запастағы офицерлер мен сержанттарды отансүйгіштікке баулып, олардың бойына патриоттық сезімді сіңіру болып табылады.

Әрбір студент ата-бабаларымыздың жауынгерлік даңқы жайында егжей-тегжейлі естіп-біліп, ер қаруы-бес қарудың түр-түрін өз көздерімен көріп, адамзат тарихында терең із қалдырған шайқастардың тарихымен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.

Мұражай қызметкерлері студенттерге арнайы экскурсия жүргізіп, әр экспонаттың маңызы мен тарихын түсіндірді. Еліміздегі бірегей әскери музейде соғыс кезеңдерінің артефактілері, тарихи құжаттар, қару-жарақтар және басқа да экспонаттар қойылған.

Мемлекеттік әсери-тархи музей «Көне дәуір — ХІХ ғасыр», «Қару-жарақтар залы», «ХХ ғасырдағы соғыстар тарихы» «Қазақстан әскери өнерінің тарихы» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің залы» сияқты бірнеше үлкен экспозициялардан тұрады.

Біздің көз алдымызда ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі небір тарихи оқиғалар мен шешуші шайқастардың панорамасы тізбектеліп өткендей болады.

Қабырғалардың бойында орналасқан кең форматты экрандардағы медиа жобаларда тарихи тұрғыдан залдардың мазмұнын аша түсетін тарихи сәттер бейнеленген. Атап айтқанда Қазақ хандығының құрылуы мен оның қилы-қилы кезеңдері, Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастар туралы баяндап, қазақ хандары мен батырларының есімдері мен ерліктерін паш етеді.

Сондай-ақ мұнда Ұлы Отан соғысының тарихы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ батырлары, Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қосқан үлесі көрсетілген.

Өз басым осы экускурсиядан үлкен әсер алып, ерекше толқып шықтым. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен туған елді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ата-бабаларымыздың ерлікке толы өмірі мен тағдыры мақтаныш сезімін тудырды.

Экскурсия соңында әскери кафедра студенттері алған әсерлерімен бөлісіп, мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Бұл іс-шара олардың есінде ұзаққа дейін сақталып,  алған білімдерін кейін кәсіби маман болғанда кәдеге жаратады деп үміттенеміз.

Назым Қайыржанова, ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде