jasqazaq.kz

Студент газдан уланып қайтыс болды

14 желтоқсан 2017, 10:51

Қостанайда 18 жастағы студент газдан уланып қайтыс болды. «Костанайские новости» басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға 10 желтоқсанда кешкі уақытта Железнодорожная көшесінде болған. 18 жастағы жігіт көліктің қосулы тұрған қозғалтқышындағы газдан уланған, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Кейінірек осы оқиғаның мән-жайы анықталды. Қайтыс болған жігіттің есімі Евгений екен. Ол № 16 лицейде электрмонтаждаушы мамандығы бойынша оқыған. Сол күні ол сүйіктісімен бірге туыстарының үйіне барған. Көлікті көлікжайға қалдырып, екеуі біраз әңгімелесіп тұрған. Нәтижесінде Евгений газдан уланып қайтыс болған. Ал қыз аман қалып, қазір ауруханада жатыр.

«Біз Женямен бала кезден бірге жүруші едік. Менің ең жақын досым болатын, енді оның жоқ екеніне сенгім келмейді. Ол өте ақкөңіл адам еді, ол мәңгі есімізде қалады», — деді қайтыс болған студент жігіттің досы Артем Масляк.

Бүгін, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды