jasqazaq.kz

Статистика: Головкин Альвареске 703 соққы жасаған

18 қыркүйек 2017, 16:01

Танымал BoxRec порталы Головкин — Альварес жекпе-жегінен арнайы статистика жариялады. Мәліметтерде, Головкин қарсыласына 703 соққы жасап, оның 218-ін дәл тигізген (31 пайыз).

Джебтерінің 361-інің 108-і (29,9 пайыз), ал қуатты соқыларының 342-сінің 110-ы (32,2 пайыз) дөп тиген. Ал Альварес отандасымызға жалпы 505 соққы жасап, оның 169-ы соққысы дөп тиген (33,5 пайыз). «Канелоның» джебтерінің 233-інің 55-і тисе (23,6 пайыз), 272 қуатты соққысының 114-і (41,9 пайыз) дөп тиген. BoxRec мәліметіне сүйенсек, Альварес орта салмаққа ауысқаннан кейін Головкин бұл салмақтағы 1 509 боксшының ішінде екінші орында. Алайда, жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшыға 130 ұпай қосылып, ұпай саны 868 ұпайға жетті. Ал мексикалықтың ұпай әуелгі 1127-ден кеміп, 997 ұпай қалды. Сондай-ақ, Головкин BoxRec порталының Lb for Lb (барлық салмақ бойынша) рейтингінде 1 саты жоғарлап, 4 орынға жайғасты. Мексикалық бұл рейтингіде көш бастап тұр. Еске сала кетейік, бокс жанкүйерлері 2 жыл сарыла күткен Головкинмен Альварес арасындағы «ғасыр жекпе-жегі» 17 қыркүйек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада өтті. 12 раундқа созылған айқаста боксшылар үш төрешінің 118-110, 115-113, 114-114 есебімен тең түсті.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда