jasqazaq.kz

Ұсталған кәсіпкер Тоқмәдидің қызы: әкем — адал бизнесмен

13 маусым 2017, 10:34

Кеше Алматыдағы арнайы операция барысында бизнесмен Мұратхан Тоқмәди ұсталған болатын.

Арнайы операция барысында ұсталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зере Шәкерхан Instagram желісінде әкесінің ұсталғанына қатысты ойын білдірді. Қыздың жазуынша, үйіне басып кіргендер әкесінің қолын байлап, басына қап кигізіп, пәтерді тінте бастаған.
«Бүгін таңғы 7:30-да әкемнің, анамның, әпкемнің үйіне, сондай-ақ әкемнің зауыты «ҚазШыныҚұрылыс» және Астана зауытына басып кірген. Әкем, әйелі және сіңлім ұйықтап жатқан кезде, пәтеріне басып кіріп, әкемді байлап, басына қап кигізген!!! Содан кейін кешкі 19:30-ға дейін пәтерді тінтіпті! Сонымен бірге анамның пәтерін тінтіп, телефонын, компьютерлерін, т. б. заттарын тартып алған. Жаңа туған сәбиімен үйде отырған әпкеме де барған!!! Зауытта қызметкерлерге құдды бір террористер сияқты жерге жатуға бұйрық берген! Тіпті әйелдерді де жерге жатқызған!!! Олар ешқандай негізсіз дәйектерге сүйеніп отыр! Тіпті күлкің келеді!!», — деп жазады қыз.

Оның айтуынша, Тоқмәди «адал бизнесмен, спортшы, үлгілі жар, ата және әлемдегі ең жақсы әке!!!». «Ол өте парасатты жан, намаз оқиды, Қажылыққа барып келген, көптеген адамдарға көмектесті, қазір де қол ұшын созып жүр! Әділдік жеңіп шықсыншы! Біреудің пайдасы үшін жасалған ғой…!!!! Репост жасаңыздаршы!», — дейді ұсталған бизнесменнің қызы.

Қазақстанның арнайы қызметтері дүйсенбі, 12 маусымда, Алматыдағы арнайы операция барысында Қазақстандағы ірі зауыт «ҚазШыныҚұрылыс» директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. «КТК» телеарнасының мәліметінше, танымал бизнесмен ұзақ уақыт бойы «Депутатский корпус» беделді қылмыстық тобын басқарып келген.

caravan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда