jasqazaq.kz

Спиннердің денсаулыққа зияны туралы дабыл қағылуда

27 маусым 2017, 12:54

Баланы ауру қылатын ойыншық! АҚШ-та әлдеқашан тыйым салынған спиннерлер бізде керісінше трендке айналуда. Түртсең болғаны айнала жөнелетін ермекті шетелдік ғалымдар психологияға зиян деп тапқан екен. Тіпті, интернетте осы спиннерден бетті, қолды жараландық деген ақпараттар аз емес. Десе де, біздің мамандар ондай қорытынды шығаруға асықпай отыр. Сондықтан, ойыншықтың бұл түрі дүкен сөрелерінде толып тұр. Сонымен, спиннер бала денсаулығына зиян ба, жоқ па? Жауабын мамандардан Аруна Ортай сұрап көрді.

— Шындығын айтайын, ол бір пәле!

Мираның «спиннер» десе төбе шашы тік тұрады. Екі баланың анасы бастапқыда ұл-қызының көңілін қимай сол ойыншықты алып беріп, кейін бармағын тістеген.

Мира Добрынина, Алматы қаласының тұрғыны:

-Сабаққа кедергі келтіреді. Сабақ оқымайды балалар, сонымен ойнап отырады. Тіске зиян болуы мүмкін. Күні бойы бүйтіп отырып менің ойымша ол дұрыс емес. Сондықтан, ата-аналар кішкене қадағалау керек оны.

Спиннерден оны ойлап тапқан америкалықтардың өздері бас тартқан. Себебі, үнемі айналып тұра беретін ойыншық баланы есін аудырып жібереді екен. Ал соңғы кездері оның Қытайдан шығатын сапасыз түрі қаптап, құрамынан сынап пен қоғасын табылған көрінеді.

Бала тұрмақ, ересектің өзі үйір бұл ойыншықтың саудасы қазір қызып тұр. Тіпті, дүкен сөрелеріне түспей жатып, балалар оны таласып тармасып сатып алып жатыр. Ал сатушылар мұны қауіпсіз деп сендіріп отыр. Клиентті үркітіп алудан қорқатындары соншалық, ертең бір жағдай бола қалса, өз бастарымен жауап беруге даяр екендіктерін айтуда.

Александр Купрянов, сатушы:

-Ойыншықтың ешқандайда зияны жоқ. Зақым келтіретін жері де жоқ. Тауар сертификатталған. Сапасы үшін жауап береміз.

Спиннермен өзіміз де ойнап жүрміз деп жұбатты сатушылар. Айтуларынша, түртсең болғаны, айнала жөнелетін ермек жүйкені жақсартады екен. Ал психологтар, дөп басып еш нәрсе айта алмай отыр. Өйткені, оған зерттеу жасап көрмеген.

Марина Вихновская, психолог:

-Спиннерлер бізге енді келді. Сондықтан, оның психологияға кері әсері әзірге белгісіз. Бірақ, ойыншық болғандықтан соншалықты қауіпті деп айта алмаймын. Уақыт өте келе бала одан да жалығады.

Ал бағасы мың теңгеден басталып, ғаламторда 100 мың долларға дейін барады. Онысы гауһартастармен көмкерілген. Спиннердің сананы жаулап алғаны сонша, атақты әншілер онымен клипке түсіп, ал жасөспірімдер ойыншықтың көмегімен сау тістерін сындырып жатыр.

ktk.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда