Сотта ісі қаралған Рахат Тұрлыханов әйелімен бірге видеоға түсіп, мәлімдеме жасады

10 қантар, 16:54

Кезінде әнші болған Рахат Тұрлыханов жұбайымен бірге өзіне қатысты сот ісі бойынша түсініктеме берді.
Тұрлыханов видеоның басында соңғы ақпараттарға байланысты екеуі бірге жауап бергісі келгенін айтты. Сөйтіп, келіншегі Алтынайға сөз берді.
«Менің жағдайым жақсы. Рахат – сүйе білетін, қамқор, мейірімді күйеу әрі әке. Иә, отбасымызда басқа жанұялардағы сияқты ұрыс-керіс, түсінбестіктер болды. Бірақ БАҚ жағдайды дұрыс білместен оны көпе-көрінеу жаман қылып көрсетіп жатыр», – деді Алтынай.
Ал кеше экс-әншінің әйелін сабағанына қатысты істі қараған Алматы қаласы Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған ескерту жасаумен шектелген еді. Өйткені Тұрлыханов сотта кінәсін мойындап, оғаш қылығы үшін өкінетінін айтқан. Мұның үстіне оған келіншегі кешірім беріп, екеуі татуласыпты.
Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2 бабы (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) 1-1 бөлігі бойынша ескерту жасау немесе 10 тәулік әкімшілік қамау қарастырылған.
Рахат Тұрлыханов өткен жылдың қазан айында да әйелін ұрғаны үшін сот алдында жауап берген. Жұбайлардың ол кезде де артынан ашуы тарқап, татуласа қойыпты. Сондықтан сот тіпті істі тоқтатқан.
Осы тұста бұл азаматқа қатысты ертеректе болған бір шулы жағдай еске түсіп отыр. Бұл 2010 жыл еді. Рахат Тұрлыхановтың әншілікті қойып (өнер жолын 2004 жылы аяқтапты), әжептеуір қызметте жүрген кезі. Атап айтқанда, сол кезде ол Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің үшінші хатшысы болды. Бұл жігіт Лондонда көлігін дұрыс жерге қоймағаны үшін салынған айыппұлдарын төлемей жүре берген ғой. Кей деректерге қарағанда, 60 мың доллар айыппұл жиналған көрінеді. Оны Қазақстан елшілігі төлей салды да, Тұрлыхановтың өзі жұмыстан шығарылып, елге қайтарылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Rakhat Turlykhanov⚡️ (@rakhat_turlykhanov)

Рахат Тұрлыханов 1984 жылдың 22 қыркүйегінде дүниеге келген. Ол кезінде «Асыл әжем», «Азем», «Бір тамшы жас», «Зимние ливни» және тағы басқа әндермен танылған болатын.

Оразәлі Баймұрат

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу