jasqazaq.kz

«Сөмкенің өзі Париж»: Ерке Есмаханның 12 миллион теңге тұратын сөмкесі жұртқа жақпай қалды

30 шiлде 2024, 15:30

Танымал әнші Ерке Есмахан құны 12 миллион теңге тұратын сөмкесін әлшеуметтік желіге жүктеді. Өнер иесі Париж Олимпиадасында бақ сынап жатқан спортшы ұл-қыздарымызға сәттілік тіледі.
“Францияның әсері әлі тарқамады. Дәл қазір Париж Олимпиадада біздің спортшылар еліміздің атын шығарып жатыр. Алғашқы алтынымыз бар. Сәттілік тілеймін! Париж биігінде Қазақстан туы желбірей берсін!”, – деп жазды әнші.
Сонымен қатар өнер иесі Эйфель мұнарасы жанынан түрлі фото жүктеп, оқырмандарын қызықтырып қойды. Алайда желі қолданушылары әншінің өзі бағасын жасырмаған қымбат сөмкесін талқылады.
“Сөмкенің өзі Париж болып тұр”, “Әншілердің ішіндегі ең көп сөмкесі бар әнші”, “Мына сөмкесінің құны 12 миллион теңге еді. Салық төленген бе екен?”, “Дұрыс айтасыз, кірістер комитеті қайда қарап отыр?”, “Негізі, қарапайым адамдардың қаржы аудармаларын қарайды. Мына сөмкесі оригинал болса, оның ақшасы мен салығының төленгенін немесе төленбегенін анықтау керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?