jasqazaq.kz

Солтүстік өңірлерге 665 отбасын көшіру көзделіп отыр

21 сәуiр 2018, 10:21

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында ішкі көші-қон және қоныстандыру мәселесіне байланысты жәрмеңке өткізілді.

Онда өзге өңірлерден келген делегаттар бос жұмыс орындарын ұсынып, оңтүстікқазақстандықтарды еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аударуға шақырды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі Ондағы мақсат — Елбасының тапсырмасына сәйкес еліміздегі ішкі көші-қон процестерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру, еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін өңірлерге халықты өз еріктерімен қоныстандыру. Шара барысында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген қонақтар халыққа жүздеген бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметтен бастап білім, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салалар бар. Сондай-ақ, жеке кәсіп ашып, бизнеспен айналысқысы келетін азаматтарға мемлекет тарапынан тұрғын үй, жер, әлеуметтік пакет беріліп, әкімдіктің тұрақты бақылауында болатыны айтылды. Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отаршиев өз сөзінде атқарылып жатқан шараларды тұрғындар оң бағалап, нәтижесінде қоныс аударатындардың қатары артып келе жатқанын айтты. «Халқы тығыз орналасқан аудандарда жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аталған облыстарға көшуге ниет білдіргендер баршылық. Мәселен, 2015-2017 жылдары 1392 мүшесі бар 347 отбасы солтүстік өңірдерге қоныс аударды. Көшіп барған әрбір жанұяның кемінде бір адамы жұмыспен қамтылып, түрлі салада жемісті жұмыстар атқарып келеді. Ал, биыл 665 отбасы қоныс аударады деп жоспарлануда», — деді Мұхит Отаршиев. Бүгінде Үкімет тарапынан қоныс аударушыларға жағдай жасау үшін заңнамаларға өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарға көшу үшін отбасының әрбір мүшесіне 84175 теңге мөлшерінде қаржылай көмек беріледі. Бір жыл бойы үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін 72150 теңгеге дейін қаржы төленеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орнын ашып, 5 қоныс аударушыны 3 жыл мерзімге тұрақты жұмыспен қамтыған азаматқа әрбір жұмыскер үшін 1082250 теңге субсидия қаралған.

ҚазАқпарат

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр