Солтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісін қамауға сот санкция берді. Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс саласын қадағалау басқармасын басқарған Валерий Затай өткен аптада мың жарым доллар парамен ұсталған болатын. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Шенеуніктің тапа тал түсте, азық түлік дүкенінің жанында ұсталып жатқан сәтін куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алыпты. Кейін бұл жазба әлеуеттік желілерге тарап, ондағы кісінің облыстың сәулет саласын 20 жылдай басқарған Валерий Затай екені расталған. Сөйтсе, шенеунік 1500 доллар көлемінде пара алыпты. Бұл ауызбастырыққа Затай қандай қызмет көрсетпек болғаны туралы ақпарат жоқ. Бірақ бейресми деректерге қарағанда, ол құрылыс фирмасына берілетін лицензияға қойылатын қолын осы сомаға бағалаған. Валерии Затайдың қылмысы дәледенсе, ол 30 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді не болмаса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.