jasqazaq.kz

Солтүстік өңірге жай түсіп, үш адам ажал құшты

18 маусым 2017, 17:15

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылында 12 жасар бала мен екі ересек кісі найзағай түсіп қайтыс болды.

Облыстық ТЖК мәліметі бойынша, қайғылы оқиға 16 маусым күні адамдар өрістен қайтқан малын қайырып алу үшін ауылдың шетінде тұрғанда болған. Бұл кезде найзағай ойнап, жаңбыр құйып тұрған. Бірінші жай балаға түскен. Оның ауылдасы дереу дәрігерді, ауыл әкімі мен уческелік инспекторды шақырған. «Ауыл фельдшері мен жүргізуші оқиға орнын қарап жатқанда екінші рет найзағай түскен. Бұл жолы көмек шақырған 34 жастағы ер адам мен 39 жастағы фельдшерлік-акушерлік пункттің жүргізушісі ажал құшқан. Олардың денелеріне медициналық экспертиза жасалады», — делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда