Батыс Қазақстан облысында мектепте оқу жылының соңғы күнінде мектеп күзетшісінің өлі денесі табылды. Бұл туралы “Мой Город” порталына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.
58 жастағы күзетші жүрек ауруымен ауырып жүрген екен. Ол Шыңғырлау ауылындағы Лұқпан Клышев атындағы мектепте 17 жылдан бері жұмыс істеген.
Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы Абзал Сапаровтың айтуынша, күзетшінің өлі денесі 25 мамыр күні таңертең табылған.
“Біз сол жаққа бардық. 58 жастағы күзетші жұмыс орынында көз жұмған. Ол мектепте 17 жыл бойы істепті. Сараптама көрсеткендей, ер адам жүрек ауруы кесірінен қайтыс болған”, – деді Абзал Сапаров.
Қайғылы оқиғаға қарамастан, ауыл мектебінің оқушылары бұл күні соңғы қоңырау салтанатын өткізді.