jasqazaq.kz

СҚО-да облыстық, аудандық маңыздағы 15 жолды су шайып кетті (Видео)

03 сәуiр 2024, 14:27

Солтүстік Қазақстан облысында су басқан автомобиль жолдарының саны 15-ке жетті. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай бақылауға алынды.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңертеңгі сағат 9.00-дегі жағдай бойынша облыстық маңызы бар екі, аудандық маңызы бар 13 жол учаскесін су басты. Қазіргі уақытта арнайы белгілер қойылды. Жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр.

Тұрғын үйлерге су кірмеуі үшін өткен бір тәулікте көшелер мен аулалардан 34 мың текше метрден астам су сорылды. 3 мың 600 м арық тазартылып, су жолына 3 мыңнан астам құм толтырылған қап қойылды.

Тайынша, Тимирязев, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарында өңірдің және Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің топтық бөлімшелері — 114 адам жұмыс істеп жатыр, Олар қажетті техникамен, мотопомпалармен қамтылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ❗️С нами Безопаснее❗️ (@soltustikqaz_tjd)

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?