jasqazaq.kz

СҚО-да кәмелетке толмаған қызды бірнеше еркек зорлаған

21 ақпан 2024, 14:40

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлаған.

inform.kz хабарлауынша, бұл қылмыс жайында бүгін СҚО прокурорлары ведомствоаралық кеңесте айтты. Оқиға 18 қаңтар күні болған. Әйелге спирттік ішімдік ішуге келген «достары» кейін оның қызын зорлаған. Прокурорлардың пікірінше, бұл қылмыстың алдын алуға болар еді. Бірақ кәмелет жасына толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия өз міндетіне жүрдім-бардым қараған.

«Осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікке салынған әйелді ата-ана құқығынан айыру жөнінде өтінішхат жолдаған. Бірақ комиссия оны дер кезінде қарамай, тек оқиға болғаннан кейін қаңтар айында ғана қараған», — дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Ал Жамбыл ауданында бір үйдің екі баласы екі жыл бойы мектепке мүлде бармаған. Әке-шешесі бірнеше рет ескертілгенімен, мәселе шешімін таппады. Сондықтан қазір оларға қатысты үстерінен іс қозғалып, ата-ана құқығынан айыру жазасы қолданылмақ.

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?