jasqazaq.kz

Әскерилер саяси сауатты болуы тиіс

13 қыркүйек 2017, 17:30

Отан қорғаушылардың бойына мемлекеттік мүдденің маңыздылығын, жұрт тыныштығының, ел қауіпсіздігінің бірінші кезекте екенін түсіндіру мақсатында ауқымды шаруа атқарылып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы (Оңтүстік) өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Сабыржан Сүлейменов мәлімдеді.

Ол осы аптада «Нұр Отан» партисының Алматы қалалық филиалында «Қоғамның рухани жаңғыруы, Қазақстанның ұлттық коды мен мәдениетінің сақталуы» деген тақырыппен өткен жиында мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әскерилердің рөліне тоқталды. Сабыржан Сүлейменов «Өздеріңізге аян, бүгінгі дәуір – ақпараттың дамыған заманы. Қастандық ойлаған қаскүнемдер түрлі ақпараттық дақпырттар мен басқыншылықтарға барып жатыр. Күнделікті естіп, куә болып жүргендеріңіздей, әлемдегі дамыған мемлекеттер әскери саласы аяққа тұра қоймаған, әлеуеті орта немесе төмен дәрежедегі ұлттарды жою процесін жүргізіп жатыр. Біз осындай келеңсіздіктерден сақтану мақсатында Нұрсұлтан Әбішұлы жасаған жаңа жобаларды қауіпсіздікті күзететін барша әскери қауымға насихаттауға міндеттіміз,- деді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы түрлі қадамдардың жүзеге асу барысынан әскерилер әрдайым хабардар болуы керектігіне тоқталған Ұлттық Ұлан өкілі ұлт қауіпсіздігінің маңыздылығы қанша болса, ол үшін тынбай қызмет көрсететін азаматтардың рухты болмағы, саяси сауатты болуының маңызды екенін атап өтті.

Осындай айқын мақсаттардың нәтижесінде Отанының тыныш ұйқысын қорып жүрген жауынгерлерге арнап, зиялы қауым өкілдернің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Жиын өз дәрежесінде өтті. Келген қонақтар рух берерлік, саяси білімін ұштай түсетін лебіздерін білдірді.

Зиялы қауым өкілдерінен Жұмаділ Аман, Асылы Осман сынды беделді тұлғалар сөз алып, қазір еліміз тарихи кезеңнің алдында тұрғанын, біз латынға көшпейтінімізді, керісінше, оған оралатынымызды сөз етті. Дархандығын даласынан, өр рухты бабасынан алып, табанда тапталуға жаны төзбейтін, азаттықтың ақ туы жер құшпасын деп аянбай тер төгіп жүрген ел қорғаушыларға алғыстарын жаудырды. Елбасы қабылдаған шешімнің өз дәрежесінде орындалмағы үшін тәрбие мен тәртіптің түзу болу шарты да назардан тыс қалмады.

Алдағы уақытта да осы іспеттес іс-шаралар жалғасын табады.

  Әділет Мәдениет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда