jasqazaq.kz

Өскемендік желаяқ халықаралық көрмеге 1 мың шақырым жүріп келді

10 маусым 2017, 15:14

Өскеменнен Астанаға жаяу жол тартқан Ғалымжан Тоқтарұлы бүгін сағат 10:00-де ЭКСПО-2017 көрмесіне табан тіреді. Желаяқты, Астанадан жанкүйерлері мен журналистер қауымы күтіп алды. Әлем көз тіккен Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау мақсатында 1 000 шақырымнан астам жолды артқа тастаған өскемендік мәреге 16 күнде жетіпті. «Межелеген уақытта Астанаға жеткеніме қуаныштымын. Бәрі ойдағыдай жүзеге асты. Алғашқы күндері аяғым аурып, сіресіп дегендей қиындықтар болды. Біртіндеп үйреніп кеттім. Кейде далада, кейде құдайы қонақ болып жолдағы ауылдарға қонып отырдық. Күніне 60-80 шақырым жол жүріп отыруға тура келді. Бұл еңбегімді елімізді әлемге танытатын үлкен шараға қосқан азда болса үлесім деп білемін», — дейді Ғалымжан Тоқтарұлы. Естеріңізге сала кетсек, Ол «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрметіне орай Астанаға дейін жаяу жүгіріп бару үшін 26 мамыр күні жолға шыққан. Ғалымжан Тоқтар Өскемен қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып жұмыс істейді. Ол 6 маусымда Екібастұзға жетіп, тұрғындарды қаланың 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда