jasqazaq.kz

Өскеменде үйдің қабырғасына Абайдың суреті салынды

26 қыркүйек 2017, 17:38

Өскемен орталығындағы тоғызқабатты үйдің қабырғасында Абай Құнанбаевтың суреті пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл Абай даңғылындағы № 1 үй. Үлкен стрит-арт өнімі қала билігінің қолдауымен салынған. Қала әкімдігі урбанистік шығармашылықтың осымен екінші жобасын жасап отыр. Мұның алдында хоккейші Талғат Жайлауовтың портреті облыс орталығындағы үйлердің бірінің қабырғасында пайда болған еді. Жұмыс демеушілердің қаражатына жасалған. Бұл суреттің авторы — Алматы өнер академиясының магистранты Айбек Нұрбеков. Ол бұл картинаны екі апта ішінде салып шыққан. «Абайдың қолында кітап бар, оның астына суретшілер әдемі қаріптермен «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген қара сөзін жазды», — делінген қалалық әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында. Өскемен әкімдігіндегілер бұл картинаны Абайдың әлемдегі ең үлкен граффити суреті деп атады.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда