Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бет-аузын бүркеп видео мәлімдеме жасаған адамды тексеріп жатыр. Бұл жөнінде МҰҚК-ның ресми өкілі Рахат Сулайманов мәлімдеді. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Әлеуметтік желілерде бет-аузын бүркеп, қолына автомат ұстаған жігіттің анасынан кешірім сұраған видеосы кеңінен талқыланып жатыр. Видеоның әр жағында атылған оқтың дауысы естіледі.
Ер адам қырғыз тілінде «Мама, мен тірі қалмайтын секілдімін. Кешіріңіз. Мұнда келіп, қателік жасаппын. Олар жазықсыз балаларды өлтіріп, әйелдерді зорлап жатыр», — дейді.