jasqazaq.kz

Шындық айтамын деп, таяқ жеген қария

16 сәуiр 2018, 22:04

Ауылда өткен жиналыстың ертесінде Дүйсенбек Сазанбекұлын үш ер адам жергілікті телеарнаға сұхбат беріңіз деп үйінен алдап әкетіпті. Зейнеткерді көлікке мінгізіп алғаннан кейін жас жігіттер күш көрсетіп, телефонын тартып алған. Қаланың сыртына апарып, «Ақпарат құралдарына ауылдағы проблемаларды айтып неге сұхбат бересің?» -деп қоқан-лоқы көрсеткен көрінеді. Әбден қорқып қалған ақсақалды жігіттер айдалаға тастап, өздері көліктеріне мініп тайып тұрған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Дүйсенбек Сазанбекұлы, ОҚО Бәйдібек ауылының тұрғыны: -Жетпіске келгенде мұндай қорлық көрдім. Ұрып өлтірмесе де, намысыма тиді. Бәйдібек ауданының құрметті азаматымын. Намысыма тиіп одан да бауыздап өлтіргені жақсы еді. Жас балалардың айтқандарын бәрін айта алмаймын ғой, моральный қорлау болды. Үйіне әрең жеткен ақсақал қазір ем қабылдап жатыр. Ал, осы оқиға бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғапты. Және күдікке ілінген үш азаматты ұстап, Ішкі істер департаментіне жеткізілген. Олар Шымкент қаласының тұрғындары екен. Күдіктілердің қарияға кісіге неге қоқан лоқы көрсеткендерін түсіндіре алмаған. Салтанат Қаракөзова- ОҚО Ішкі істер департаменті Баспасөз қызметінің жетекшісі: — Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіміне тіркелді. Өзінше билік ету бабы бойынша тергеу амалдары жүргіліп жатыр. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері мен жедел іздестіру жұмыстарының барысында күдікті ретінде үш азамат анықталып, Ішкі істер департаментіне жеткізілді. Олар үшеуі де Шымкенттің тұрғындары болып шықты.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр