Шымшаһардың туристік әлеуеті артып келеді

19 шiлде, 12:19

Еліміздегі ірі мегаполистің бірі — Шымкенттің туристік әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Қызылды-жасылды гүлге оранған көрікті қалада аралайтын мәдени-тарихи нысан да көп. Шымшаһар тұрғындарының елден ерекше қонақжайлығы кез келген қонақты баурап алатыны өз алдына. Былтыр қалаға жарты миллионға жуық турист келуіне осындай факторлардың ықпал еткені сөзсіз.
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «2024 жылдың І жарты жылдығында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар саласында атқарылған жұмыстары туралы» брифингте осы саладағы көрсеткіштер кеңінен сөз етілді.
Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов мынадай деректерді ортаға салды:
2023 жылдың қорытындысы бойынша, қалаға келген туристер саны 449 098-ге жетті (ішкі туристер — 420 398, шетелдік туристер — 28 700 адам). Статистика департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың 3 айында қалаға 111 733 турист келген.
Оның ішіндегі үздік үштікке: Өзбекстан – 9 844 адам, Ресей Федерациясы – 3 659 адам және Қытай Халық Республикасынан 2 633 адам келген. 2024 жылы орналастыру орындарының саны 148 жетсе, бөлме қорының саны 6 409 бірлікке артып отыр.
Қала аумағында 20 туристік оператор мен 120 аса туристік агенттік тұрақты жұмыс істейді.
Қазір тікелей әуе бағытында 12 ішкі рейс — Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Семей және 5 халықаралық рейс (Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Кутаиси) қатынайды. Әуе хабарламаларының санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Биыл теміржол вокзалының реконструкциялау жұмысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Ал жаңа әуежай терминалы жыл соңына дейін ашылады.
Шаһарда заманауи қонақ үйлердің артуы да туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні анық. Биыл 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда («Makhambet», «Kazakh Hotel», «Алтай», «Керемет», «Zeinnur-Tau», Dara Garden Hotel, Mardan, «Diamond Hotel»).
Сонымен қатар маусым айында Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды. Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда. Жалпы қонақ үйде 167 бөлме, 1-ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц – залдар бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде