Шымшаһардың шахматшылары «Senat open» турнирінде бақ сынады

20 мамыр, 15:32

Мемлекет басшысы елімізде шахматты дамытуға айрықша көңіл бөлінетінін, қазіргі көрсеткішті кемінде екі есе арттыру керектігін айтқан болатын. Президент тапсырмасын басшылыққа алып, Шымкент қаласында осы бір интеллектуалдық ойынды дамытуға зор мән беріледі. Бүгінде Шымқалада шахматтың қарқынды дамуына барлық мүмкіндіктер бар. Қала мектептерінде шахмат арнайы пән ретінде енгізілген. Сондай-ақ түрлі деңгейде турнирлер өткізіледі.
Биыл 19 мамырда Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Senat open» шахмат турнирінің іріктеу кезеңі өтті.
Бұл турнирді Парламенті Сенатының бастамасы бойынша, Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Шымкент қаласы мәслихаты ұйымдастырды.
Іріктеу турниріне қатысуға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерінен 120 өтінім түскен.
Турнирдің салтанатты ашылуында Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б.Нарымбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.А. Құранбек, Қазақстан Шахмат федерациясының қаржы директоры А. Дамирұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Шахматшыларды іріктеу барысында жеті мүшеден құрылған төрешілер алқасы құрылып, ойыншыларды қадағалады. Бас төреші Ә.Т. Яхияев болды.
Интеллектуалдық ойынның қорытындысы бойынша, қатысушылар командалық және жекелей 1, 2, 3 орындармен марапатталды.
Сонымен төрешілер шешіміне сәйкес, жеке құрамда сайысқа түскен Әл-Фараби ауданынан Сейітжан Жаханов 1-ші орынды иеленсе, 2-ші орын Абай ауданынан сынға түскен Нұрсұлтан Жұмадуллаевқа бұйырды. 3-ші орынға Әл-Фараби ауданынан қатысқан Сұлтан Садықов жайғасты. Ал командалық есепте 1-ші орын Әл-Фараби ауданы, 2-орын Абай ауданы, 3-ші орын Қаратау ауданына бұйырды. Шахмат ойынына қатысқан Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен медаль табыс етілді.


Ынталандыру марапаттары бойынша депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері және әйелдер арасында үздік көрсеткіш иелері мен зейнеткерлер арасында үздік деп танылған қатысушылар арнайы грамотамен марапатталды.Сондай-ақ қатысушыларға сертификат берілді.
Іріктеуден өткен 25 үздік шахматшыға 18 маусым күні қала күніне орай Шымкент қаласында өтетін өңірлік жартылай финалға жолдама берілді. Жартылай финалдан өткен жеңімпаздар алдағы уақытта Астана қаласында өтетін финалдық ойындарда бақтарын сынайды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қалоасы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде