Шымшаһардың өнерпаздары бақ сынасты

04 сәуiр, 13:24

Шырайлы Шымкентте мәдениет пен өнердің дамуына ерекше мән беріледі. Әсіресе, өнерлі жандардың түрлі концерт, байқауларға қатысуына жағдай жасалады. Қасиетті Рамазан айында Шымшаһарда қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығында «Жарамазан жарасар дәстүріме» атауымен қала мен аудан өнерпазарының басын қосқан байқау өтті.

Аталмыш шараны сөз сөйлеп ашқан Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Мәдени шараға Түркістан облысының Созақ, Түлкібас, Арыс, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласынан келген өнерпаздар бақ сынасты.

Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар ұлттық киімдерді дәріптеп, жарамазан жырын айтты. Екінші кезеңде қатысушылар қазақтың қасиетті құндылығы — бата оқу бойынша жарысты. Ал үшінші кезеңде байқауға қатысушылар ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып бойынша интерактивті сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар ұмыт болған салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, ұлттық тағам түрі мен ұлттық ойындарымызды еске түсірді. Сұраққа жауап беру аясында қатысушылар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.

Байқауға еліміздің Мәдениет қайраткері, «Құрмет «орденінің иегері, режиссер Әскер Құлданов төрағалық етіп, Шымкент қаласының наиб-имамы, дінтанушы-теолог Мұхамеджан Естеміров, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚ университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев қазылық жасады.

Оразаның пайда болып, нендей себепке байланысты шыққаны мұсылмандыққа бет бұрған кез келген адам оның мәніне осы іс-шарада жауап алды деуге болады. Сонымен қатар байқауға келген көрермен Рамазан айындағы ерекшеліктің бірі жарамазан жырын тыңдап, ұмыт болған жырдың қайта жандануына куә болды. Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен өнерпаздар анықталды.

І орынды Созақ ауданы, ІІ орынды Сайрам ауданы, ІІІ орынды Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздары қанжығасына байлады.
«Үздік жарамазан жаршысы» номинациясын Түлкібас ауданының өнерпаздары иеленді.

«Көрермендер көзайымы» ынталандыру номинациясымен Арыс ауданының өнерпаздары марапатталды.
Байқауды қорытындылаған «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы директоры Бахтияр Әбілұлы мен қазылар алқасы қатысушыларға Алғыс хаттар және сертификаттар табыстады.

Мақпал Махаметқызы,
Шымкент қаласы

Суреттер: Шымкент қаласы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы

Бүгін, 11:48
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды