jasqazaq.kz

Шымкенттіктер ЭКСПО-ның жалған билеттерін жасады

19 маусым 2017, 16:15

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, жалған билеттердің бәрі дерлік — көшірмелер. Ал тұпнұсқа билеттерін Шымкент қаласында сатып алған.

Көрменің алғашқы күні жалған билеттердің 100 нұсқасы анықталды. Барлығы — түрлі-түсті ксерокс арқылы жасалған көшірмелер. Ал екінші күні ондай билеттердің 70 данасы анықталды. «Негізі, түпнұсқа билеттер Шымкент қаласында сатып алынды. Біз оны арнайы нөмірлер арқылы анықтадық. Сосын түпнұсқа билеттерден көшірмелер жасап алған», — дейді Қарымсақов. Аталған ақпаратты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының коммерциализация жөніндегі департамент директоры Дәулет Еркімбаев та растады. Оның айтуынша, адамдар көп жағдайда билеттің көшірмесін жасау арқылы көрме аймағына кіргісі келген. «Алайда әрбір билеттің өзіндік нөмірі мен коды бар. Бір рет кіріп шыққаннан кейін екінші рет өтуге рұқсат жоқ. Автоматты жүйе оны бірден анықтайды», — деп атап көрсетті Еркімбаев. Айта кетейік, бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы осы уақытқа дейін көрмеге келіп кеткен адамдардың жалпы санын жариялады. Бүгінде павильондарға адамдардың кіріп шығу көрсеткіші 1 млн 57 мыңнан асты.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда