jasqazaq.kz

Шымкенттік жас жұбайлар тікұшақты 550 мың теңгеге жалдаған (видео)

03 тамыз 2017, 16:00

Шымкенттік жас жұбайлар күндізгі қыдыруларына тікұшақты 550 мың теңгеге жалдаған. Бір сағат бойы қызмет көрсеткен тікұшақ жекеменшік мұнайгаз компаниясына тиесілі болып шықты.

Компанияның авиация департаменті жетекшісі Қуаныш Мұсаевтың сөзінше, жекеменшік мекеме коммерциялық қызмет көрсетуге жуырда ғана рұқсат алған. Ал жас жұбайлардың тапсырысы алғашқысы екен. «Соңғы кездері қаржылық қиындықтар болуына байланысты біз коммерциялық қызмет көрсету үшін рұқсат алған болатынбыз. Арнайы сайт ашып, жарнама да беріп қойдық. Ал, жас жұбайлардың тапсырысы алғашқысы еді. Бірақ мұншалықты шу шығады деп ойламадық. Яғни, тойға келген қонақтар тікұшақты түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберіпті. Енді бізге соны кесірі тиіп кетуі мүмкін»,-дейді Қуаныш Мұсаев. Естеріңізге сала кетейік, күні кеше оңтүстік өңірінде той кортежімен бірге ұшқан тікұшақтың бейнежазбасы барлық әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын. Түсірілімде той кортежімен ілесіп бара жатқан тікұшақ төмен қарай түсіп, қайта көтерілген. Әуе кемесінің ұшқыштары кортежден озып кетпей ұшуға тырысады. Бүгін өңірдің жергілікті полицейлері осы жайт бойынша анықтау жұмыстарына кіріскен еді. Кейіннен үйленіп жатқан азамат Айтуған есімді суретші екені белгілі болды.

 

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда