jasqazaq.kz

Шымкенттік қылмыс әлемінің серкесі Ресейде ұсталды

20 қыркүйек 2017, 12:40

Шымкенттік қылмыс әлемінің серкесі делінген Рафаэль Бикбаев Ресейде ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес жөніндегі бөлімше қызметкерлері 2016 жылдың қазан айынан бері бұған дейін есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін бірнеше рет сотты болған қылмыс әлемінің «авторитеті» Рафаэль Бикбаевтың басшылық еткен қылмыстық тобын белсенді түрде тексерді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Бикбаев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында бопсалаумен және рейдерлікпен айналысқан делінеді. «Биыл наурызда полиция қызметкерлері Оңтүстік Кореяның жәбірленуші азаматын анықтады, ол 2014 жылы шикізат өңдеу фабрикасын салып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Бикбаевтың қылмыстық тобы қорқыту, бопсалау және шантаж арқылы фабриканы өз мүшелерінің бірінің атына жаздырып алған», — делінген хабарламада. Ал маусым айының соңында Шымкент қалалық жедел топтары қылмыстық топтың 9 мүшесін бір уақытта ұстаған. Олар өз кезегінде қылмысын мойындап, Бикбаевқа қатысты Корея азаматының фабрикасын заңсыз алып қою дерегі бойынша куәлік берген. 2 тамызда Бикбаевқа мемлекетаралық іздеу жарияланған. Мұнымен қатар, Бикбаевтың топ болып, зорлық көрсету, бұзақылық жасау жолымен бірнеше рет бопсалау қылмысына қатысы бар анықталғаны айтылады. Ал 16 қыркүйекте ҚР мен Ресей ІІМ қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында Рафаэль Бикбаевты Мәскеу облысындағы Раменский ауданында Қырғыз Республикасының азаматы екендігін анықтайтын жалған паспортпен ұстаған. Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Бикбаевты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда