jasqazaq.kz

Шымкенттік полицеймен жанжалдасқан әйел қамауға алынды (видео)

28 қыркүйек 2017, 17:37

Шымкенттік полицей түсірілген даулы видеодағы әйел ұсталды.

Шымкент орталығында полиция қызметкерлерімен жанжал шығарған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде полиция қызметкері әйелді ұрып-соғып жатыр делінген видео таралған болатын. Алайда, кейінірек, керісінше, әйелдің оларға күш қолданып жатқаны түсірілген видео пайда болды. «Жақында полиция қызметкерлері ер адамды полиция бөліміне жеткізбекші болды, алайда ол әйелімен бірге қарсылық көрсетті. 1994 жылғы келіншек қызметкерлердің погонын жыртып жіберді. Ол осы әрекеті үшін полицияға, ал кейінірек изоляторға жіберілді. Келіншекке қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы — «Бұзақылық» және «Билік өкіліне қарсы күш қолдану» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») мен 380-бабы («Билік өкiлiне қатысты күш қолдану») бойынша ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, Желі қолданушылары келіншекті ұрып-соқты деп айыптаған полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс жалғасып жатыр. Куәгерлер түсірген видеода қыздың полицейлерге қарата былапыт сөз айтқанын, кейін жағаласа кеткенін көруге болады. Ашулы келіншек тәртіп сақшысының погонын жұлып алған. Жергілікті полиция қызметіндегілер қызды бұл ісі үшін жазалауға болатынын айтып отыр. Екі күдікті де қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда