jasqazaq.kz

Шымкенттік келіншек өзін пышақтап тастаған күйеуін кешірді

22 қантар 2018, 19:08

Шымкентте екі баланың анасы өзін пышақтап тастаған күйеуіне кешірім берді. Сұмдық жағдайды бастан кешірген келіншек алғашқы сот отырысында-ақ бұрынғы жұбайына аяушылық танытып, жеңіл жаза алуына себепкер болды. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ хабарлайды.

Әйелін пышақтап, әлеуметтік желі арқылы видеосын таратқан сақалды жігіт алғашында жасаған күнәсін Алла жолындағы әрекеті деп түсіндірген. Бірақ бұл жолы сот отырысында күдікті істеген қылмысы туралы басқаша мәлімдеме жасады. Ол бұл әрекеті үшін өкінетінін айтқан. Сондықтан сотталушы балаларын сылтауратып, бұрынғы жұбайынан көпшіліктің көзінше кешірім сұрады.

«Әйелімді қалай пышақтағанымды білмеймін. Видеоға қалай түсіргіненім де есімде жоқ. Істеген қылмысым үшін қатты өкінем. Әйелімнен, қайын енеменнен кешірім сұраймын. Басқа айтарым жоқ» -дейді әйелін пышақтаған азамат Хайрулла Нарметов.
Умида Нарметова өзіне қастандық жасаған бұрынғы жұбайына бірден кешірім берді. Мұны ескерген сот өкілдері кісі өлуге оқталған сотталушыға жеңіл жаза кесті. Ол жалпы режимдегі түзеу мекемесінде 3 жыл жазасын өтейтін болады.

Еске сала кетейік, Шымкентте сақалды жігіттің өзге дінге кіріп кеткен әйелін аяусыз пышақтап тастағаны туралы видео әлеуметтік желіні шарлап кеткен болатын.

Күдікті жігіт өзі түсірген бейнежазбада келіншегінің жат ағымға кіріп кеткенін мәлімдеген. Алайда, келіншектің жақындары бұл ақпаратты теріске шығарып, керісінше әйелін аямаған азаматтың өзі өзге ағымның жетегінде екенін алға тартуда.
Ерлі-зайыптылар алты ай бұрын ажырасқанмен, ер азамат келіншегіне күн бермей, қорлық көрсетіп келген. Әдеттегідей таңертең жұмысқа бармақшы болған әйелін аңдыған жігіт оны жолдың қақ ортасында пышақтап кетіпті.

Ауыр жарақат алған азаматшаның жақындары күдіктінің бұл әрекетке әйелімен қосылмағандығы үшін барғанын айтады.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды