jasqazaq.kz

Шымкенттік әйелдер күйеуінен қорғанудың әдістерін үйреніп жатыр

21 шiлде 2017, 13:30

Шымкенттік қыз-келіншектерге күйеуінен қорғанудың әдіс-тәсілдері үйретіліп жатыр. Прокурорлардың «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында нәзік жандылар спорт мектебіне шақыртылып, оларға қорғану жаттығулары үйретілуде.

Қорғаныстың әдіс-тәсілдерін үйренуге кез-келген қыз-келіншек мүмкіндік алды. Алғашқы жаттығу Шымкенттің №11-ші спорт мектебінде өтті. 50-ге тарта тұрмыстағы әйелдер мен бойжеткен прокуратура органдары өкілдерімен кездесіп, бапкерден сабақ алды. «Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тұрмыстық зомбылық деректерінде әйелдер күйеулерінен көп таяқ жейді. Сондықтан біз жоба аясында осындай жаттығулар өткізуді қолға алып отырмыз. 19 мен 31 шілде аралығында осы спорт мектебінде арнайы бапкерлер қорғаныс әдістерін үйренемін деген нәзікжандыларға жаттығулар өтетін болады», — деді Абай аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Гульвира Бектемісова. Құзырлы орган өкілдерімен кездесуге келгендер ер адамға қарсылық көтеріп, қол көтеру біздің салт-дәстүрімізге қарама қайшы дейді. Дегенмен соңғы кездері ер азаматтардың қол көтеру жәйттері көбейіп бара жатқанын жасырмайды. Базбірі үйіндегі қыздарына осы әдістерді үйреткісі келетінін айтады. Қалай болғанда да бапкерлер үйренемін деушілерге есіктері айқара ашып отыр. Алдағы кезде мұндай жаттығулар облыстың қала-аудандарында ұйымдастырылатын болады.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда