jasqazaq.kz

Шымкенттік азамат Анталияның ұшағын Ақтауға қондырды

26 тамыз 2017, 13:50

Анталия-Шымкент бағытындағы №477 рейс Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл жайлы Лада.кз-ке сілтеме жасап, ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Ұшақтың қонуына Шымкент қаласының Х.есімді 1981 жылғы азаматының ақылға қонымсыз әрекеті себеп болған.  Жолаушы рейстен түсіріліп, желілік полиция бөлімшесі қызметкерлеріне тапсырылды. Сараптама қорытындысы оның мас болғандығын анықтады. Жанжал шығарушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабында көзделген «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Араққа тойған шымкенттік азамат пен оның жанында отырған жолаушы екеуінің арасында жанжал шықты.  Х. Есімді азамат өзін дөрекі ұстап, борттағы жолсеріктеріне де бағынбай қойған. Әуе кемесінің командирі ұшақты Ақтау әуежайына тоқтатуға шешім қабылдады. Ақтау әкімшілік соты азамат Х-ны қамауға алу туралы қаулы шығарды. Қазіргі уақытта ол уақытша оқшаулар орталығына қамалды», — деді Ақтау ішкі істер басқармасы желілік полиция бөлімшесінің басшысы Серікқали Құжиев.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда