Шымкентте жастарға 5 мыңға жуық бос орын ұсынылды

26 шiлде, 11:32

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білімге деген ұмтылыс, адал еңбек пен отансүйгіштік» деп жастар үшін маңызды үш басымдықты атап өткен болатын. Осыған орай еңбекке деген басымдықты іске асыру мақсатында Шымкент қаласының «Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» республикалық бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Маңызды іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық партия филиалының өкілдері, «AMANAT» партиясы фракцисының депутатары, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облыстарының делегат мүшелері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы қатысты.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – азаматтардың жұмысқа орналасуына, бос жұмыс орындар туралы хабардар болуына, еңбек нарығындағы мәселелер туралы мәлімет алуына мүмкіндік беріп, жастар арасында жұмыссыздықты азайта отырып, олардың тұрақты жұмысқа тұруына жаңдай жасау болып саналады.
Жәрмеңкеде биылғы бітіруші түлектерге, жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары мен жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі, бос орындар, ерікті түрде Солтүстік өңірге қоныс аудару бағдарламасы, мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша түсіндірме жүргізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы ақпараттық кеңестер берілді.


«Жастардың қалауы мен әлеуетіне сай келетін лайықты жұмыс табу өте маңызды. Бұл олардың өз қабілет-қарымын шыңдаудың, отбасы мен елдің игілігі үшін адал еңбек етудің алғышарты. «Жастарға жұмыс» жобасы, міне осыған бағытталған. Бұл бастама жастардың жұмыс табуын қолжетімді, ашық әрі ыңғайлы етеді», – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов.
Жәрмеңкеде 82 мекеме 963 тұрақты жұмыс орнын таныстырып, қалған жұмыс берушілер онлайн түрде бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы 150-ден астам мекемеден 5 мыңға жуық бос орын ұсынылды.
Жұмыс берушілер 500-ге жуық адамға кеңес беріп, 103 адамға жолдама берді. Атап айтқанда, 50 адам тұрақты жұмысқа, 30 қатысушы «Жастар практикасы», 18 жасқа «Алғашқы жұмыс» орнына, 5 адам «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы бойынша жолдама алды. Одан бөлек, 41 адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқу мен қайтарымсыз грант алу бойынша кеңес берілсе, 77 отбасы ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде